Сенбі, 20 сәуiр, 17:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ескірген несиені есіркей ме?

23.07.2022

733 0

Бюджет кодексіне «Үмітсіз берешек» түсінігі енуі мүмкін. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған. Құжатта: «Елдің несие портфелін 90 жылдардағы өтелмеген қарыздармен байланысты мерзімі өткен берешектерден тазарту мақсатында «Үмітсіз берешек» түсінігі және олар бойынша кредиторлардың талаптарын тоқтату енегізілді» деп көрсетілген.

Қаржы министрлігі ұсынылған тұжырымдаманы былай түсіндірді: «Әңгіме халыққа (жеке тұлғаларға) берілген несиелер туралы емес. Әңгіме 90 жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер (кредитор – мемлекет, екінші деңгейдегі банктер емес) туралы болып отыр».

Айта кетелік, жыл басындағы мәлімет бойынша мұндай қарыз көлемі 120 миллиард теңгені құрайды.

Г.ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: