Жұма, 19 сәуiр, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Халықтың бұрынғы 120 миллиард теңге несиесі кешірілетін болды

21.07.2022

598 0

Қаржы министрлігі Бюджет кодексіне өзгеріс енгізіп, 90-жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашуға берілген берешектерді кешіру мәселесін қарастырып жатыр. Яғни, несиесін 30 жылдай төлемей жүрген кәсіпорын иелері табылмаса, онда оның қарызы жойылады, деп хабарлады Информбюро жаңалықтар қызметі.

Бұл өзгеріс тек заңды тұлғаларға   байланысты күшіне енбек. Мұндай несиелердің мөлшері қазір 120 миллиард теңгені құрайды. Биліктегілер кезінде жергілікті әкімдіктер мен Үкімет қарыз берген несие иелерін табу оңай емес екенін айтты. Себебі 90-жылдары көп кәсіпорындардың «бизнесті сәйкестендіру нөмірлері» жоқ болған.

Қаржы министрлігі жыл сайын есеп бергенде бұл берешектердің статистикаға кедергі келтіретінін айтады. Сол себептен де заңға осындай өзгеріс енгізбек. Енді  Бюджет кодексінде «Өндіріп алуға үмітсіз берешек» деген ұғым пайда болмақ.

Үкімет жыл сайын есеп берген кезде осындай топтағы адамдардың берешегі тізімде тұрады. Мұндай деректердің бізге не қажеті бар? – деді Қаржы министрлігі Бюджеттік несиелеу департаменті директорының орынбасары Дархан Биниязов.

Оның айтуынша, қайтарылмаған бюджеттік кредиттердің иесін табу жұмысы Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет корпорациясымен бірігіп жүзеге асырылып жатыр. Алайда мұндай ұсынысқа экономистер қарсылық танытты.

– Өмірде түрлі жайттар болады. Әрине, несиені кешіру керек. Бірақ заңды тұлғалардың емес, жетім-жесірлер, көпбалалы аналар мен ауылдағы жағдайы келмегендерге қарастырған жөн. Осы мәселе бойынша үлкен тексеріс жүргізу керек. Себебі қаржыны бюджет емес, банк беруі керек, – деді экономист Бейсенбек Зиябеков.

Ол 90-жылдары биліктің халыққа зейнетақыны уақытында төлей алмаған кездерінде мұндай қомақты қаржының несие ретінде берілгеніне таңғалатынын айтты. Осыған байланысты банктер мен қаржы саласындағылардың үстінен тексеріс жүргізу керек екенін де қоса кетті.

Бюджет кодексіне енгізілетін өзгерістер қазір қоғамдық талқылауға шығарылған. Екі айдан кейін құжат Мәжіліске ұсынылмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: