Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 14:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Келер жылдан не күтеміз?

28.12.2021

2108 0

Жаңа 2022 жылға қадам басуға санаулы күндер қалды. Осы тұста Қазақстанда жаңа жылда күшіне енетін бірқатар өзгеріс қабылданды. Соның бір сыпырасын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оның ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы деңгейі мен зейнетақыға енгізілген өзгерістер бар.

Мәселен, Еңбек министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішті 5 процентке индекстеу жоспарланып отырғанын хабарлады. Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі мөл-шері 36018 теңгені құраса, АЕК 3063 теңге болып белгіленбек.

Айта кетерлігі, 2020 жылы пандемияға байланысты Қазақстанда күнкөріс деңгейі мен АЕК екі есе өсіп, 10 процентке көбейген болатын. Ал биыл олар 5 процентке индекстеліп, нәтижесінде төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері және АЕК мөлшері сәйкесінше 34302 теңге және 2917 теңгені құрады.

Жаңа қабылданған заң бойынша келер жылы ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мыңға көтеріледі. Яғни ең төменгі жалақы мөлшері 41 процентке өседі. Еңбек министрлігі хабарлағандай, бұл өзгеріс 1,6 млн адамның айлығын жоғарылатпақ.

Ең алдымен, «аз жалақы алатын» жұмысшылардың айлығы жоғарылайды. Сонымен қатар жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер жұмысшылардың басқа санаттарының жалақысын да қайта қарау керек болады.

Үкімет сонымен қатар бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша да шаралар қабылдауда. Мәселен, 2023 жылы педагог мамандардың еңбекақысы 3 есе өспек. Биыл медицина қызметкерлері мен қоғамдық қызметкерлердің жалақасын арттыру жұмыстары басталды. Осылайша 4 жылда олардың да айлығы екі еселенбек.

Қазіргі кезде өзге де сала мамандарының айлығын көтеру жұмыстарына дайындық басталып кеткен. 2022 жылдан бастап архивариус, мұражай қызметкері, кітапханашы мен орманшы, техникалық қызметкер болып жұмыс істейтін 588 мың адамның айлығы жоғарыламақ.

Келер жылы зейнетақы мөлшері көбеймек. Нәтижесінде келесі жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың табысы артпақ.

А.НҰР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: