Бейсенбі, 07 қараша, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 5 млн адам банктен 10 пайыздық өтемақы ала алады

21.10.2022

1113 0

Қазақстанда 5 миллионнан астам салымшы банктен 10 пайыздық өтемақы ала алады. Қазір екінші деңгейлі банктер клиенттерден өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сыйақыны алу үшін салымшы келесі жылдың 1қаңтарына дейін депозит ашқан банкке барып өтініш беруі керек. Кейбір банктер өтінішті онлайн қабылдай алады. Қаражат келісімді растаған және 2021 жылдың 23 ақпанына дейін банктен теңгемен депозит ашқандарға ғана түседі. Салымшылар депозитте тұрған қаражатты бір жыл бойы сақтаған абзал.

Егер белгілі бір себептермен ақша шешілетін болса, онда өтемақы депозитте қалған қаражатқа қарай есептелетін болады. 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша өтелетін ең жоғарғы сома – 20 миллион теңге. Қазір елімізде 5 миллионнан астам салымшы өтемақыны алуға толық құқылы. Тек талаптарды орындаса болды. Бастысы – алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз.

“Қазір алаяқтар өте көп. Айтқым келгені, өтемақыны алу үшін өтінішті берген кезде банк ешқандай дербес деректерді, банктік шотты сұрауға құқығы жоқ. Егер салымшыға қоңырау шалып: «өтініш беру үшін карта нөміріңізді айтыңыз» десе, бұл – алаяқтар. Оларға ешқандай мәлімет бермеу керек. Салымшы өтемақыны алу үшін тікелей банкке жүгінгені абзал”, – дейді  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басшысы Әділ Өтембаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: