Бейсенбі, 25 сәуiр, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда біріккен зейнетақы аннуитеті енгізіледі

15.12.2021

1738 0

Зейнетақы аннуитеті – жинақ мөлшері жеткілікті болған жағдайда зейнетақыны ресми зейнетақы жасынан ерте алу мүмкіндігі.

Қазақстанда біріккен зейнетақы аннуитеті енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

«Біріккен аннуитет зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер жұптардың біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинағы жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық қалса, біріккен зейнетақы аннуитеті олардың екеуіне де өмір бойы төлем алуға мүмкіндік береді», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Зейнетақы аннуитеті – жинақ мөлшері жеткілікті болған жағдайда зейнетақыны ресми зейнетақы жасынан ерте алу мүмкіндігі.

Қазір Қазақстанда ерлер үшін зейнетақы жасы – 63, 2021 жылы әйелдер үшін – 60 жаc, 2022 жылы – 60 жастан асқанда басталады және 63 жасқа толғанша жыл сайын 2027 жылға дейін 6 айға артып отырады. Сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді ерлер 55 жастан бастап ала алады, 2021 жылы 55 жастағы ер адам үшін зейнетақы аннуитетін алу үшін жеткілікті сома 6,7 миллион теңге болды. Ал әйелдерге 52 жастан бастап, 2021 жылы 52 жастағы әйел үшін зейнетақы аннуитетінің құны 9 миллион теңге болды. Биылдан бастап зейнетақы аннуитеті айтарлықтай арзандады. 2020 жылы ерлердегі жинақ 11,3 миллион теңге, ал әйелдер үшін 15,5 миллион теңге болуы тиіс еді.
 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: