Жұма, 29 наурыз, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

08.06.2022

2037 0

Қазақстанда бір қызметкерге еңбекақының орташа айлық мөлшері жаңарды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, – деп хабарлайды Finprom.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылы орташа айлық жалақы 250 мың теңге болған. Алайда мамандығы мен лауазымына байланысты бұл көрсеткіш өзгеріп отырады.

Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы шамамен 448 мың теңгеге жеткен, ал ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 146 мың теңгеге жетпейді.

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы биылдың бірінші тоқсанында 285,4 мың теңгеге жетіп, жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 12,7 пайызға өскен.

Жалпы алғанда, 2021 жылға қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 250,3 мың теңгені құраған.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында орташа жалақы 187,5 мың теңге, Атырау облысында 406,2 мың теңгеге дейін жетті. Жоғары жалақы Маңғыстау облысы мен (349,5 мың теңге) және елордада (344,7 мың теңге) байқалады.

2021 жылы ең жоғары айлық жалақы басшылар мен мемлекеттік қызметшілерде болған: 447,8 мың теңге. Олардан кейін кәсіби мамандар (291,9 мың теңге), сондай-ақ, өндірістік құрал-жабдықтардың операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер (263,1 мың теңге).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: