Жұма, 11 қазан, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ет бағасы өсті: Жылқы еті 15%-ға қымбаттаған

11.10.2022

1019 0

Қазақстанда ет өндірісі де, оның тұтыну мөлшері мен бағасы да өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energy Prom сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қаңтар–тамызында ірі қара мал, шошқалар, қой мен ешкі және жылқы тұқымдас жануарлардың етін өндіру 46,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артық. 2021 жылдың қаңтар–тамызында керісінше 4,6%-ға төмендеген.

Ал ет тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға өсіп, жан басына шаққанда орта есеппен 19,5 кг құрады. Ауылдық жерлерде жан басына шаққанда орта есеппен 20,9 кг ет, қалалық жерлерде 18,5 кг тұтынылды.

Халық ең көп тұтынатыны – сиыр еті.  Жан басына шаққанда орта есеппен 12 кг, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артқан. Одан кейін жылқы еті жан басына шаққанда 3,2 кг және қой 2,6 кг. Шошқа еті жан басына шаққанда орта есеппен 1,7 кг болды.

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8%-ға дейін, бір жылда 7%-дан 15%-ға дейін өскен.

Жылқы еті айтарлықтай қымбаттап, бағасы 15%-ға өсті. Қой мен шошқа етінің бағасы 12,7%-ға және сиыр еті 7%-ға өсті.

Бір айдың ішінде сиыр еті1,8%-ға, шошқа еті 1,5%-ға, жылқы еті 1,3%-ға қымбаттады. Қой етінің бағасы аса қатты өспеген — 0,6%.

Атап айтар болсақ, 1 кг сиыр етінің бағасы орта есеппен 2387 тг, қой еті 2660 тг, шошқа еті 2033 тг және жылқы еті 2932 тг тұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: