Сәрсенбі, 13 қараша, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жүз азаматтың алтауы өзіне жаңа киім немесе аяқ киім сатып ала алмайды – Сарапшылар

01.08.2022

1776 0

Қазақстанда табысы төмен болғандықтан күн аралатып балық, ет, тауық еті бар ыстық тамақ іше алмай жүргендердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өскен. Сонымен қатар жүз азаматтың алтауы өзіне жаңа киім немесе аяқ киім сатып ала алмайды, деп хабарлайды Ranking.kz 

Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, 2021 жылы қаражаттың жетіспеуінен жиһазын жаңалай алмай жүргендердің үлесі 27,4%-дан 20,3%-ға дейін азайған. Ал қалтаның таяздығынан қысқы және жазғы аяқ киімнің қос жұбын сатып ала алмайтындардың үлесі 15,3%-дан 11,3%-ға дейін азайған. Айына кем дегенде бір рет достарымен, туыстарымен дастархан басына жиналу мүмкіндігі жоқ адамдардың үлесі 8,4%-дан 6,3%-ға кеміген көрінеді.

Дей тұрғанмен табысының мардымсыздығынан күн аралатып балық, ет, тауық еті бар ыстық тамақ іше алмай жүргендердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өскен. Ал тозығы жеткен киімін жаңалай алмай жүргендердің үлесі 5%-дан 5,2%-ға жеткен.

Материалдық тапшылық көріп жүргендердің үлесі ауылдан қарағанда қалада басым. Қалалықтардың 20,9%-ы үйдегі жиһазын жаңалай алмай жүргенін айтса, ауылда бұл көрсеткіш –19,4%. Қысқы және жазғы аяқ киімнің қос жұбын кие алмай жүрген қалалықтардың үлесі 11,7% болса, ауылдықтардың үлесі – 10,7%. Қалалықтардың 5,6%-ы ескірген аяқ киімі мен киімін жаңалай алмай жүрсе, ауылдықтардың үлесі –4,7%.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: