Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Қолма-қол төлеңіз» немесе шотыңыз бақылауда ма?

23.04.2022

1625 0

Есіңізде болса, жыл басында кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақша талап етіп, қарапайым халық сауда жасай алмай біраз әбігерге түскен еді. Бүгін міне, бұл мәселе тағы да халық арасында кең талқылануда. Өйткені жеке кәсіпкерлер мен такси жүргізушілері қызметі үшін қолма-қол ақша талап етуде. Көптен бері қағаз ақша ұстамаған жұрт үшін бұл елең еткізер жаңалық болды.

Қарапайым тұрдындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Себебі мобильді аударымды бақылауға алу бүгін-ертең басталмайды. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асатынын ұмытпаған абзал. Заң бойынша банктер клиенттердің жеке бас мәліметтерінің құпиялығын сақтауға міндетті. Сондықтан мұндай аударымдар туралы ақпаратты салық органына жіберуге шектеу қойылған. Сондай-ақ мобильді аударымға қатысты мәліметтер төрт кезеңге бөлініп, бірнеше жылға созылады.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Гүлжамал Шортанбаева мәлімдеді.

Жыл басында қаржы министрлігінің мобиль­ді аударымдар туралы бұйрығы күшіне енді. Жаңа ережелер үш кезеңде жүзеге асады. Атап айтсақ, 2023 жылы мемлекеттік қыз­меткерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің деректері ғана беріледі. Сонымен қатар 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары қосылады. Ал 2025 жылдан бастап тұтынушылардың басқа санаттарына қатысты болмақ. Бүгінде жаңа бұйрық негізінде барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат негізсіз тарауда. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2025 жылдан бастап әлеуетті «бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен анықталатын болады. Егер де жеке тұлға мобильді аударымдар жасайтын болса, банктік құпияны сақтау талаптары бойынша аударымдар туралы ақпарат кірістер органдарына берілмейді. Бұл бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеу­шілердің жеке аударымдарын қозға­майды. Керісінше, салық мони­торингін жүргізу кезінде тиімділікті арт­тыруға, ҚР заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын-алуға бағытталған. Салық салу туралы толық ақпаратты 1414 телефоны арқылы білуге болады», – деді Г.Шортанбаева.

Басқарма басшысының айтуынша, кәсіпкерлер арандатушыларға бой алдырмай, уәкілетті ор­ганның ресми ақпаратына ғана сену керек.  Бүгінде сала мамандары түрлі әлеуметтік желілер арқылы халыққа,   «Қызылорда автобус паркі», «Халық», «Жұлдыз» такси компанияларына барып  кеңінен түсіндіруде.

Қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Гүлжамал Шортанбаева жеке кәсіпкерлерді «e-Salyq-Business» мобильді қосымшасын пайда­лануға шақырды. Бұл арқылы онлайн режимде бірнеше қызмет түрін алуға болады екен. Мәселен, кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауда жеңілдік барын атап өтті.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: