Жексенбі, 25 ақпан, 09:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда экономикасында өсім бар

22.11.2022

1579 0

Қызылорда қаласы бюджетінің 2022 жылдың 1 қарашаға кірістер болжамы, трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде, 51 974,4 млн. теңгені құрап, 54 976,0 млн. теңгеге немесе 105,8 пайызға орындалған. Оның ішінде өз кірістері болжанған 10 200,9 млн. теңгенің орнына 13 248,1 млн. теңгеге немесе 129,9 пайызға орындалған. Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлімдеді.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 51 974,4 млн. теңге, яғни 51 846,5 млн. теңгеге немесе 99,8 пайызды құрады.  

Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 136,0 пайызға артты.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 202 бірлікті құраса, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 31 060 бірлік.

Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы шеңберінде құны 228 млн. теңгені құрайтын 2 жоба қолдау алды.

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру картасына» енгізілген жалпы құны 68,1 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Мұнда 868 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. 2021 жылдың желтоқсан айында «Orda Glass LTD» жауапкершілігі шектеулі серістегінің Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты іске қосылды.

Бөлшек сауда көлемі 262 328,6  млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,5 пайызға артты. Облыстағы үлесі 86,9%.

2022 жылдың 1 қазанына  алдын ала деректерге сәйкес халық саны 348,4 мың адамды құрап, өсу қарқыны 108,5%. 2021 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 134,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайызды құрайды.

2022 жылдың 1 қарашасына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 5 817 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады. Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар саны  9 300, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 5 167 адам.               

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 2 772 адам қоғамдық жұмысқа, 205 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, жастар тәжірибесіне 1 087 жас маман жолданған.

Қала бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 266 529 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 128,0 пайызға артты.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: