Жұма, 03 мамыр, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Үкімет «7-20-25» бағдарламасының орнына жаңа ипотека ұсынды

21.10.2022

1064 0

Жаңа ипотекалық бағдарлама осыған дейін болған бағдарламар жабылған соң қосылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ипотекаға қатысты 2017 жылғы заңға өзгеріс енгізіп, халық талқысына жаңа заң жобасын ұсынды. «Ашық НҚА» порталында жарияланған ережені 27 қазанға дейін талқылауға болады.

Жаңа ипотекалық бағдарлама «7-20-25» бағдарламасы жабылған соң іске қосылуы мүмкін. Себебі оған бөлінген 1 триллион теңге аяқталуға жақын. Үкімет нақты бекітілген 7 пайыз несиеден бас тартып, екінші деңгейдегі банктер ұсынған пайыз мөлшерлемесін субсидиялайды.

Жаңа ипотека бойынша қандай пәтер сатып алуға болады?

  • Салынып жатқан үйден. Алайда онда Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдігі болуы қажет;
  • Салынып біткен үйден. Алайда ол банкпен шарт жасасқанға дейін кемінде 6 ай бұрын пайдалануға берілуі тиіс.

Шарттары:

  • Мөлшерлемесі — 12,5 пайыз;
  • Алғашқы жарнасы — 20 пайыз;
  • Несиелеу мерзімі — 20 жыл.

Берілетін ипотеканың соммасы:

  • Астана мен Алматыда — 35 миллион теңгеге дейін;
  • Ақтау, Атырау, Шымкентте — 25 миллион теңгеге дейін;
  • Қарағандыда — 20 миллион теңгеге дейін;
  • басқай аймақтарда — 15 миллион теңге.

Маңыздысы:

  • Тұрғын үйді сотқа жүгінбей сату келісімінің болуы, яғни егер қарыз алушы келісімнің шарттарын бұзса, онда кепілдікке қойылған пәтер сотқа жүгінбей-ақ сатылып кетеді;
  • Мемлекет ұсынатын субсидия уақыты — 10 жыл, яғни егер несие 20 жылға рәсімделсе, онда қарыз алушы қалған 10 жылды банктің толық мөлшерлемесімен төлейді.

Шартты түрде мысал келтіре кетейік:

  • Пәтер бағасы — 35 миллион теңге;
  • Алғашқы жарна — 7 миллион теңге;
  • Ипотека сомасы — 28 миллион теңге;
  • Ай сайынғы төлем — 308 мың теңге;
  • Жалпы шығын — 81 миллион теңге;
  • Артық төлем — 46 миллион теңге;
  • Отбасының жалпы кірісі айына 617 мың теңгеден кем болмауы керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: