Бейсенбі, 02 мамыр, 14:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ұлттық қор – балаларға»: Қордағы 3500 долларды қайда жұмсауға болады?

15.02.2023

739 0

Сурет: baq.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Ұлттық қордан балаларға берілетін ақша 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін болады. Қазіргі таңда Қаржы министрлігі тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен керекті түзетулерді әзірледі. Бұл түзетулерді осы жұмада Парламентке енгіземіз. Әр балаға берілетін қаржыға жылдық пайыздық мөлшерлеме 2,6 көлемінде болады деп отырмыз. Бұл соманы Ұлттық банкпен бірлесіп бүгінгі таңда қалыптасқан тарихи деректерді ескере отырып жасадық. Нарық жағдайының өзгеруіне қарай бұл көрсеткіштің де өзгеретіні түсінікті. Әзірге жылдық қаражатты 150-160 доллар көлемінде деп белгіледік. Бұдан да көп болуы мүмкін. Оны нарық, инвестициялық табыстың қалыптасуы көрсетеді, – деп түсіндірді вице-министр Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Айтуынша, бағдарлама 2024 жылы іске қосылғанымен, есептік жыл ретінде 2023 саналады. Әзірге ұлттық қордың балаларға беретін қаржысын екі мақсатта жұмсауға рұқсат етіледі деп отыр. 

Бала 18 жасқа толған соң қаражат оның жекеменшігі деп есептеліп, оны қалай пайдалану құқығы өзіне беріледі. Оны білім алу мен тұрғын үй сатып алуға жұмсауға рұқсат етіледі. Осы орайда, қаражатты шетелдік оқу орнындағы оқу ақысына қолдануға шектеу қойылмайды. Ал баспананы тек Қазақстан Республикасының аумағынан ғана сатып алуға рұқсат. Баланың шотындағы жинақ сомасы ол 18 жасқа толғанда 3500 доллар шамасында жиналады деп болжануда, – деді Дәурен Темірбеков. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: