Жұма, 26 сәуiр, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жеңілдетілген автонесие шарттары қашан белгілі болады?

20.03.2022

1258 0

Жеңілдетілген автонесие шарттары қашан белгілі болатыны айтылды.

Талаптар мен критерийлер биыл сәуірдің аяғына дейін бекітілмек.

«Отандық техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуірдің соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр.

«Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңге және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 миллиард теңге. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0 пайыздан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды», – делінген хабарламада.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: