Сейсенбі, 23 сәуiр, 11:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

50 жылыжай жұмыс істеп тұр

17.08.2021

1213 0

Биылғы жылдың сәуір айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы қаржылық лизинг бағдарламасы аясында «Golden Bridge Turan» ЖШС-ның жобасын қаржыландырды. Қаржыландыру шарттарына сай аталған серіктестік ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру бағытында 50 жылыжайды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Жобаның жалпы құны 221 223 411 теңгені құрады.

Бүгінгі күні 48 жылыжайды қайта жабдықтау, инженерлік желіні жөндеу, оның ішінде су жүйесі, тоқ көзі мен суару құбырларына жөндеу жұмысы жүргізілген. Қазіргі таңда кешенді көгілдір отынмен қамтасыз ету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығына 70 млн теңге қаражат жұмсалған.

45 жылыжайда өзбекстандық күріштің жоғарғы сұрпы, яғни Аланга мен Лазер күріші егілген. Қарауылтөбе ауылдық округі маңындағы 205 гектарды құрайтын егістік алқабына егілген. Күріш толық шығып тұр. Жапондық технологиямен өсіріліп жатқан күрішке жалпы сомасы 45 млн теңге қаражат жұмсалған. Бұл технология өз кезегінде су тапшылығы орын алған уақытта су көзін үнемдеуге оң пайдасын тигізбек. Ал күріш өнімін орып алу қыркүйек айына жоспарланған.

Жоба аясында серіктестік 20 егістік маманын тұрақты жұмыспен және жылыжайда көшет егумен айналысатын 50 маманды жұмыспен қамтып отыр. Соның нәтижесінде серіктестіктің жылдық жалақы қоры 5,5 млн теңгені құрады.

Одан бөлек компания егіс алқаптарына арналған жалпы сомасы 90 млн теңгені құрайтын 7 техника сатып алған. Сондай-ақ серіктестік теңгерімінде көлемі 10 мың текше метр болатын 6 су жинайтын цис-терна мен басқа да өнім егетін құрылғылар бар.

Ендігі кезекте жылыжайда тек көшет егіп, оны алқапқа орналастырып, орып алудан басқа бақша өнімдерін, экологиялық таза көкөністер егу де жоспарда тұр. Бұл жұмыстар өз кезегінде жылыжайды толықтай іске қосуға мүмкіндік бермек.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: