Жұма, 29 наурыз, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Атамекен» ҰКП-ға 8 жыл: Қызылорда облысында кәсіпкерлердің 8,8 млрд теңгесі қорғалды

08.09.2021

922 0

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сегіз жылда үш мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, 8,8 млрд теңгесін сақтап қалған.

Жалпы «Атамекен» қызметінің басты бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау.

Палата құрылған сәттен бастап, яғни сегіз жылда кәсіпкерлерден алты мыңнан аса арызтүскен. Оның 2232 өтініші бизнесті қорғау бағытында болды.

Орта есеппен Палата сарапшылары түскен өтініштердің 42 пайызын немесе 934-ін шешіп берген. 64 лауазымды тұлға жауапкершілікке, соның ішінде 18-і әкімшілік жауапкершіліккетартылған.

«Палата заңгерлері өтініштерді қарағанда кәсіпкерлердің 8,8 млрд теңгесін сақтап қала алды. Бұл – күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдар, мемлекет тарапынан қайтарылған қаражат, сақталып қалған бизнес мүлкінің құны және басқалары. Осы қаржының 69 пайызы орта бизнеске тиесілі болса, 31-і шағын кәсіпкерліктікі»,–дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Айта кетейік, 2021 жылдың сегіз айында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына түскен 89 өтініштің 40-ы шешіліп, кәсіпкерлердің 79 млн теңгесі қорғалды.

«Бұдан басқа, кәсіпкерлерден түскен өтініштерге талдау жасай отырып, жиі көтерілетін, жүйелі мәселелерді арнайы тізілімге енгіземіз және шешу жолын қарастырамыз.Бұл тізілім не үшін керек? Дәл осындай проблемамен өзге де кәсіп иелері кездесуі мүмкін.Арнайы есепке алу арқылы біз мәселенің алдын аламыз.Сегіз жыл ішінде мамандар 161 мәселені анықтап, оның 93-і арнайы тізілімге енгізілді, 68-і оң шешілді. Биылдың өзінде осындай 8 мәселенің 5-еуі реттелді»,– дейді Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахан.

Палата мамандары бизнестің құқығын қорғаумен бірге жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобасына сараптамалық қорытынды береді. Сегіз жылда заңгерлер 1064 актінің жобасын қарап, 117-сіне ескертпелер мен ұсыныстар берген.

«Кәсіпкерлердің мәселесін жедел шешуде Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің рөлі ерекше. Кеңес өңірде 2014 жылдан бері тұрақты жұмыс істейді. Осы мерзім аралығында 55 отырыс өтіп, 800-ден аса кәсіпкердің мәселесі шешілді», – дейді Салават Құлмахан.

Жыл басынан кеңестің сегіз отырысы өтіп, 12 мәселе қаралды. Онда кәсіпкердің құқығын қалпына келтіру бойынша 15 ұсыныс беріліп, оның 9-ы қолдау тапты.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: