Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Дәретхана қағазының қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын – Сауда министрі

16.02.2023

489 0

Бүгін сенат отырысынан кейін Сауда және интеграция министрі дәретхана қағазының қымбаттауына байланысты журналистердің сұрағына жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

БАҚ өкілдері министерден Қазақстандағы дәретхана қағазының қымбаттағанын мысалға келтіріп, басқа қандай тауарлардың бағасы өсуі мүмкін екенін сұрады. 

“Қағаз қымбаттағанын бірінші рет естіп тұрмын. Қазір тапсырма беремін. Кейін сұрақтарыңызға нақты жауап береміз”, – деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда тек әлеуметтік маңызға ие 19 тауардың бағасы ғана бақылауда.  

“Қандай тауарлар қымбаттауы мүмкін? Оған да нақты жауап бере алмаймын. Себебі, мыңдаған тауар бар. Әрбір адам әртүрлі тауарға қызығады. Біріншіден, бәрін бақылауға алуға мүмкіндік жоқ. Екіншіден, ешқандай қажеті жоқ. Қазір бізде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бар. Оларды біз бақылауға алдық”, – деді Серік Жұманғарин. 

Еске салайық, бұған дейін Energyprom.kz сайты бір жылдың ішінде дәретхана қағазының бағасы 50 пайызға өскенін хабарлады. Тіпті халық оның қымбаттауына байланысты дәретхана қағазын қолдануды азайтқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: