Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ғ.Қазантаев: «Кәсіп көзін табам деушілер кездескен кедергілерге мойымайды»

02.09.2021

733 0

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев өңірлік кәсіпкерлер палатасында айтты.

Өткенде аптада шаһар басшысы қала кәсіпкерлерімен кездесу барысында алдағы уақытта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қала әкімдігіне қарасты бөлімдерге өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп аптасына екі мәрте «Ашық есік» күнін ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Палата алаңына барған қала әкімі ашық есік күні аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, Палата жұмысының негізгі мақсаты да өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кеңінен ақпарат беру болып табылатынын, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлік салаға ынталандыру мақсатында ашық есік күндері жиі өткізіп тұру керектігін баса айтты.

Одан әрі өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов палатаның жұмыс жоспарларымен таныстырып, пікір алмасып, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, кәсіпкерлердің көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салды.

Кездесу барысында Ғанибек Қонысбекұлы кәсіпкерлік саласының деңгейі жоғарыламай, салық базасының молаюы мүмкін еместігін, сала бойынша күрмеуі шешілмеген мәселелердің көптігін айтып, алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірлесіп халыққа қажетті кәсіп көзін ашу жайын талқылады.

Бүгінгі күнге дейін «Ашық есік» күні аясында кәсіпкерлерге 30-ға жуық консультативтік-кеңес берілген. Бұл шараның негізгі мақсаты қаланың бизнес-ахуалын жақсарту, жер, сәулет, ауылшаруашылығы мәселелері бойынша кәсіпкерлер тарапынан туындаған сауалдарға қолдау көрсету, пандемияға байланысты уақытша тұралап қалған бизнесті қолдау және оны дамыту, мемлекеттік қолданыстағы барлық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын тиімді пайдалану болып табылады. Аталған жұмыстардың жалғасы ретінде, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс орталығы аумағында орналасқан тұрғын аудандар мен жаңадан ашылған тұрғын аудандардан шағын базарлар мен қызмет көрсету бағытында кәсіп түрлерін ашу үшін жер телімдері ұсынылуда.

Қала әкімі алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірлесіп жүйелі жұмыстар жасай беретінін, қаламызға дәл қазіргі уақытта өнідіріс орындары қажет екенін, кәсіпкерлік саласы дамыса, өндіріс орындары ашылса, жұмыссыздар саны азаяды, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Шын кәсіп көзін табам деушілер кездескен кедергілерден мойымай, өзін және отбасын асырау үшін тынбай еңбек етеді. Өзіне ғана емес халыққа да пайдасын тигізетінін жеткізді.

Айта кетейік, аталған шара әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 10:00-13:00 және 15:00-18:00 аралығында өткізілуде.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: