Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешуге арналған жұмыс тобы құрылды

21.10.2022

732 0

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, қыркүйек айында Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен, бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың бизнес қауымдастығымен кездесіп, проблемасын тыңдап, шешу жолдарын бірге талқылаған болатын.  

Осы кездесуде аймақ басшысы бұдан кейін бизнестің мәселесін жедел әрі дер кезінде шешіп отыру үшін облыстық деңгейде жұмыс тобын құратынын жеткізген.

«Міне сол жұмыс тобы осы қазан айында құрылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязова жетекшілік етеді. Құрамына Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдерінің кәсіпкерлікке жауапты орынбасарлары, облыстағы жауапты басқарма басшылары, сондай-ақ салалық қауымдастық жетекшілері мен кәсіпкерлер енді. Жұмыс тобының қызметін біз – Кәсіпкерлер палатасы толық жүргізіп отырамыз. Осы орайда, кәсіпкерлерге өзекті мәселелерін бізге жолдауды сұраймыз», – деген жазбада Палата директоры.

Кәсіпкерлер палатасында бұл шараларды директордың орынбасары Гауһар Елеусінова үйлестіріп отырады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: