Сенбі, 24 ақпан, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Өңірлік кеңестің төрағасы сайланды

19.07.2022

440 0

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрағасы болып «РАИМ» ЖШС-нің құрылтайшысы Раимов Ерлан Қаниұлы сайланды.

Ерлан Қаниұлы 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Қызылорда педагогикалық институтын «Дене шынықтыру мұғалімі», 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, бірнеше мекемеде тәжірибеден өткен. Ал 1992 жылдан бері жеке кәсіппен айналысуды қолға алды. Одан кейін әр жылдары Туристік және экскурсиялық бюро директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары, «Қыз Жібек» кафе-барының директоры лауазымдарында жұмыс істеген. 1997 жылы «РАИМ» ЖШС-ін құрып, осы күнге дейін мекеменің құрылтайшысы әрі жетекшісі қызметін абыройлы атқарып келеді.

Ерлан Раимов кәсіппен қатар соңғы 25 жылда қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысуда. Атап айтқанда, Қызылорда кәсіпкерлері Қауымдастығының төрағасы, Үкімет жанындағы шағын және орта бизнес комиссиясының мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері Форумының өңірлік өкілі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша тәртіптік кеңес мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, «Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің мүшесі, Өңірлік кеңес мүшесі болып кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүр.

Саладағы еңбегі үшін бірнеше рет «Жылдың үздік кәсіпкері» номинациясымен, мемлекеттік «Шапағат» медалімен және түрлі жоғары деңгейдегі медальдармен, облыс, қала басшыларының және өзге де ұйымдардың Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталған.

Отбасылы, 2 баласы бар.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: