Сенбі, 20 сәуiр, 19:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаданың каскасы

26.12.2020

984 0

Қызылордалық кәсіпкер каска шығаруда. Өндіріс саласында еңбек ететіндерге қорғаныш құралы саналатын каска – сапалы әрі қауіпсіз.  Отандық өнімді дамытуға үлес қосқан «NP-ConsuItinq» ЖШС директоры Ғалым Пірекешов бүгінде 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкер 2013 жылдан бері гидроизоляциялық қорғаныш каскаларын шығаруда. Бүгінде өзге өңірлерден де тапсырыс көп. Әсіресе құрылыс, мұнай компанияларының сұранысына ие.

Каска шығаратын шағын цехта қызу жұмыс. Жаңа технология жұмыстың жеңіл әрі сапалы орындалуына өз септігін тигізуде. Касканың ерекшелігі, жұмысшы биікте тұрып жұмыс жасағанда басынан түсіп кетпейді. Әрбір тұтынушыға ыңғайланып жасалуында жатыр.

– Күніне 400 данадан каска дайындаймыз. Тапсырыс беруші мекемелердің сұранысын уақытылы орындау – басты міндет. Қорғаныш каскаларын жасауға отандық шикізат пайдаланылады. Жобаны алғаш іске асырғанда аздап қиыншылықтар болды. Уақыт өте келе қиындықты еңсердік. Әрине, өнім өндіру кәсіпкерге бірден табыс әкелмейді. Ең бастысы, тұтынушы көңілінен шығып, сапалы өнім жасау, – дейді кәсіпкер Ғалым Маратұлы бізбен әңгімесінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: