Жұма, 26 сәуiр, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорданың кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» жобасына  маман іздейді

16.02.2023

692 0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Қызылорда қаласындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының» (бұдан әрі – Орталық) 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы шеңберінде «Мен кәсіпкер» құралын пайдалана отырып, шағын және орта бизнес субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы азаматтарынан іріктеуге өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды.

         Міндеттері:

  • «Мен кәсіпкер» құралының шеңберінде қызмет алушылардың қажеттіліктерін зерделеу және қажет көмекті анықтау;
  • Кәсіпкер әйелдердің тәлімгерге қажеттілігін анықтау, Орталық аппаратқа өтінімді қалыптастырып жолдау;
  • Орталыққа жүгінген қызмет алушыларға кеңес беру, ең өзекті мәселелерін және қажеттіліктерін анықтау және сұраныстарын қалыптастыру. Сұраныстарға сәйкес мәліметтер қорын жүргізу;
  • Кәсіпкерлердің оқуға қажеттіліктерін анықтау, оқыту тақырыптары бойынша сұраныстарды жинақтау, оқытуға өтінімдерді қалыптастыру және Орталық аппаратқа жолдау;
  • «Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асыруға атсалысу, Бренд-комитеттерінің жұмысына қатысу;
  • Құжаттарды дайындау (ақпараттық мақалалар, анықтамалар және басқа құжаттар);
  • Есептерді құрастыру және ұсыну;
  • Қызметтерді сатып алуға атсалысу.

Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • заңгерлік немесе экономикалық жоғары білімнің болуы;
  • Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Нормативтік құқықтық актілерді (ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы және т. б.), сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Бизнесті қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды білу;
  • Сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген, іскерлік хат алмасу және келіссөздер жүргізу;
  • Дербес компьютермен толық жұмыс жасай білу, Internet, Microsoft Office – Word тәжірибелі пайдаланушысы; міндетті: сенімді Excel пайдаланушысы (Жиынтық кестелер, формулалар, сүзгілер, графиктер, диаграммалар);
  • Facebook, Instagram, «WhatsApp Messenger», «Telegram Messenger» әлеуметтік желілері мен мобильді қосымшаларын белсенді пайдалану;

Іріктеуге қатысушылардың артықшылықтары: әйелдер қауымдастықтарында және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, іс-шараларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік желілер маркетингінде (SMM) тәжірибенің болуы.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • 2-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша менеджер-кеңесшісі ретінде іріктеуге қатысуға өтінім;
  • «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде менеджер-кеңесшісін іріктеу тәртібіне 3-Қосымшаға сәйкес нысан бойынша ізденушінің сауалнамасы;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек шарты және/немесе техникалық ерекшелігі бар өтеулі қызмет көрсету шарты;
  • жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;

Өтінім нысанын, сауалнаманы және іріктеуге қатысу шарттарын (қаржылық емес қолдау шаралары туралы Ережеге сәйкес) Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының келесі мекен-жайы бойынша ақпарат алуға болады: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, №123, тел. 8 /7242/400981,  қағаз жеткізгіште немесе электрондық пошта арқылы сұрау салу бойынша электрондық түрде n-finsupport.kzo@atameken.kz поштасына жіберуге болады,

ӨКП-дағы байланыс тұлғалары:

  • Алушаева Асель Гайдуллаевна – кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы: 8 (7242) 400981,400202.
  • Шоникова Салтанат Болатбековна – кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы: 8 (7242) 400981,400202.

Өтінімдер 2023 жылғы 22 ақпан сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: