Жұма, 19 сәуiр, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету басталды

01.02.2022

762 0

Үкімет шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді белсенді түрде қарап жатыр деп хабарлады.

Биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша «InfoKazakhstan.kz» электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілген. Залалды өтеу тетігі өтінімдерді оңайлатылған тәртіп бойынша және сот сараптамасының қорытындылары негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қарауды көздеуде. Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді және 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылған.

Бүгінде өңірлік комиссиялардың жұмысы аясында оң шешімдер қабылданып, алғашқы өтемақылар өтініш білдірген биз-несмендердің есеп шоттарына аударылып үлгерген. Мәселен, Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңгеге төлем алды.

24 қаңтарда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қаулысымен Қызылордада да қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев бекітілсе, комиссия жұмысын облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы үйлестіретін болып шешілді.

Комиссия мүшесі құрамында мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, кеңес төрайымы Гүлзағира Әбдірайымова, кеңес мүшесі Наталья Мишукова, облыстық мәслихат депутаттары Қайрат Боранбаев, Нұрболат Ибраев, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері Анар Ізден мен Жандос Тұсмағамбетов бар.

Егер кәсіпкердің бизнесіне қаңтардағы қақтығыс кезінде залал келсе ол мемлекеттен өтемақы алу үшін бағалау тізіміне ену керек. Ол үшін бизнес иесі өз аймақ әкімдігіне, атап айтқанда өңірлік кәсіпкерлік басқармасына жүгінуі тиіс.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: