Сенбі, 04 мамыр, 05:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әйелдің көңілі көк тиын – әнші Жазира Байырбекова

11.02.2024

375 0

Сурет: massaget.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Танымал әнші Жазира Байырбекова Желідегі парақшасында көп жылдан кейін балалы болған отбасының оқиғасын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әншінің айтуынша, ерлі-зайыптының сәби сүйе алмауына ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағаны себеп болған. Алайда бұл туралы отбасының туған-туысы, ағайыны бейхабар болған көрінеді.

Көп жылдан кейін балалы болған отбасының қуанышына бардым.
Қонақтар күйеуіне рахмет айтып, әйеліңді «тумадың деп» тастап кетпей шыдадың деп арқасынан қағып жатыр.
Әйелінің жанарында мұң.
Шыдай алмай оңаша шақырып әйелімен сырластым.
Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты, оны туған-туысы білмейтінін, әйелден көріп әйеліне талай сөз тигенін айтты.
НЕГЕ?
Ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын
Ер адам табыс таппайтынын
Ер адамы қол жұмсайтынын
Ер адамы үйінде миын жеп мазасын алатынын
Ер адам әйелдің де табысын алып қоятынын
Бәәәрін қазақ әйелдері, қазақ қыздары ғана жасырады?🤔
Бұл біздің қоғамның «ерін сыйлайды» деген жақсы жағы ма әлде «әйелдің көңілі көк тиын» деген жаман жағы ма?

Адамгершілігі мол,бар жауапкершілікті өз мойнына алып,әйелінің кемшілігін жасырып жүрген ер азаматтар да жоқ емес. Бірақ біздің қоғамда өте аз», – деп жазған ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: