Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әнші Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегі туралы айтты

06.12.2023

968 0

Фото: kaz.nur.kz

Қазақстандық танымал әнші Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегімен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, сүйіктісі 11 сынып оқып жүргенде көзіне түскен.

Еркін Нұржанов келіншегін алғаш рет ол 6-сынып оқып жүрген кезде көрген. Әншінің айтуынша, сүйіктісі көз алдында өскен. «Келіншегіме үйленген кезде 16 жасар қызға үйленді деген біраз әңгіме болды. Әйелімді алғаш көргенде ол 6-сынып оқитын, бірақ ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті ғой, – деді әнші «Ұйқым келмейді» бағдарламасында.. Сондай-ақ өнер иесі отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Бүгінде келіншегі екеуі төрт баланы тәрбиелеп отыр. «Үйленгенімізге 10 жыл болды. Әйелім үйде бала тәрбиесімен айналысады. Кейде жұмыс істеймін деп қиқалаң салады. Бірақ 4 бала-шағаның өзі үлкен жұмыс. Қайыр, Сая, Ақбаян, Анарбай деген 2 ұлым, 2 қызым бар. Өзім жұмсақ әкемін. Бала-шағаны арасында көріп тұрамыз, көп көрісе бермейміз. Мүмкіндігінше көрген кезде еркелетіп құшақтап, иіскеп, сүйіп, соған үлгеріп қалуға тырысамыз», – деді өнер иесі.  

Ақпарат көзі:kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: