Жексенбі, 14 сәуiр, 04:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден өтті

22.04.2021

1474 0

Қазақ елі бүгін тағы бір аяулы перзентінен айырылды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті.

Саналы ғұмырын қазақ әдебиетін өркендетуге сарп еткен қаламгер 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызмет атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болды.

«Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су», «Тас бесік», «Бостандықтың басы» дастандарының», «Көкше құрақ», «Емендер түнде бүрлейді» шығармалар жинағының авторы.

***

Туған жердің қар-мұзы,
Аязыңмен жуындыр.
Туған жердің бал қызы,
Бұрымыңмен буындыр.

Туған жердің бұлағы,
Толқыныңмен ат мені.
Туған жердің жыланы,
Шырылдатып шақ мені.

Туған жердің шеңгелі,
Тырна аямай бетімді,
Туған жердің желдері,
Аузыма құй өтімді.

Туған жердің доңызы,
Қан жоса ғып жарып кет.
Туған жердің қоңызы,
Домалатып алып кет.

Туған жердің қасқыры,
Кемір ақын сүйегін.
Туған жердің тас құмы ,
Сені осылай сүйемін.

Жәркен Бөдешұлы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: