Жексенбі, 14 сәуiр, 02:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

«Шашым түсіп, салмақ қоса бастадым»: Рамазан Амантай

05.09.2023

427 0

Белгілі актер Рамазан Амантай Нұржан Еркінұлына берген сұхбатында артық салмақпен күресіп жүргенін айтып, оның себептеріне тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рамазанның айтуынша, Нұрлан Қоянбаевтың “Бизнес по-казахский в Америке” кинотуындысына түскеннен бастап түр-әлпеті мен дене бітімінде өзгерістер пайда болған.

“Ел мені білетін кезді айтсам, Америкадан бастап, 17-18 жасымда шашым түсіп, салмақ қоса бастадым. Нұрлан аға: “Сен әр бизнес сайын 10 келіден қосып жатырсың” деп әзілдейді. Бірақ мен оны рухани фактор деп ойлаймын. Өзім күресіп жүрген мұңдарым бар. Бір қарағанда болмайтын нәрсе, бірақ соны әлі күнге дейін жеңе алмай келе жатырмын. Тамақтан дейін десем, ел қатарлы-ақ жеп жатырмын. Үйдің үлкені болған соң мойнымда үлкен жауапкершілік бар, ата-анам да маған көбірек сенеді. Отбасымды өзім асырап жатырмын. Ол да күйзеліс. Бірақ өзімнің ерік-жігерім жетпей жүр деп те ойлаймын. Жүгіріп, авокадо жеп, нанды азайтсам тез салмақ тастаймын. Салмағыма байланысты көп хейт айтылады. “Жардай болып семіріп алыпсың” дейтіндер де бар. Үйдегілердің бірінші уайымы менің салмағым. Маған меңземейді, “аз, балам” деп тіке айтады”, – дейді Рамазан Амантай.

Ақын көпшілікке арықтаймын деп сөз берді.

“Үйде салмақ тастау үшін бар жағдайды жасап қойғанымын. Жаттығу жасайтын жабдықтар бар. Бірақ ерік-жігер жоқ. Құдай қаласа, арықтаймын, кеп қалдым. Бірақ мен арықтағаннан бірдеңе өзгеретін болса, сол кезде көремін. Маған үйдегілердің сөзі де әсер етпей қалыпты. Қалай дұрыс деп ойласам, солай жасап жүре беремін. Суреттерімнің астына адамдар неше түрлі сөздерді жазады, өмірде көрген адамдар да айтып кетеді. Соның бәрі алдымда тасқамал болып қалған ғой. Келіншегіме “Мынаның вкусы жоқ па?” деп жазғандар да болды. Әйелім жүкті кезде екеуіміз перзентхананың жанынан пәтер жалдап тұрдық. Сөйтіп жедел сатыға келіншегім екеуіміз және бір әйел мінді. Бірде ол әйеліме қарап: “Мынау кім?” деп сұрады. Келіншегім “күйеуім” деп жауап берді. Маған қарап тұрды да: “Мынаның қай жеріне қызықтың?” деп сұрады. Мен негізі ондай сөздерге үйреніп кеткенмін, бірақ ана кісінің сөзі сәл әсер етті. Арада 2-3 күн өткен соң сол әйелмен аулада тағы кездесіп қалдық. Көршіміз ғой. Темекісін шығарды да: “Әлі күнге дейін таңғаламын, ол сенің қай жеріңе қызықты?” деді маған. Не жауап бергенімді білмеймін, есімде жоқ. Оған қарсы жауап қайтармағаным анық. Мүмкін оның сөзімен іштей келісіп тұрдым ба екен? Сондай қызықтар болды. Әйеліммен енді үйленген кезіміз. Бір сериалға түсіп жатқанмын, келіншегімді түсірілім алаңына апардым. Бір актриса, атын айтпай-ақ қояйын, кіріп келіп: “Осы ма келіншегің?” деп сұрады. “Иә” дедім де, кетіп қалғанмын. Сөйтсем ана актриса келіншегімді қасына отырғызып алып: “Неге тұрмысқа шықтың?” деп сұраған екен. Неге олай сұрағанын білмеймін. Менің әйелім әдемі ғой негізі. Неге маған тұрмысқа шыққанын түсінбеген ғой”, – дейді Рамазан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: