Сенбі, 18 мамыр, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Әнші Yenlik Динара Сәтжанның жалған ақпарат таратқанын айтты

29.08.2023

406 0

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді. Бұл туралы  NTK арнасы хабарлайды. 

Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар. Қазіргі жас әншілердің өнері Динара Сәтжанды қаншалықты қуантса, жаңа толқынның гонорары соншалықты таңғалдырды.

“Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 миллион теңге деп естідім”, – дейді Динара Сәтжан.

Ал Еңлік отандық тележүргізушінің бұл сөздерін жоққа шығарды. 

“12 миллион емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға – миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация”, – деп жауап берді Yenlik.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: