Сейсенбі, 24 желтоқсан, 04:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өзіміз тіккен киім жәрмеңкеге шығады

25.07.2023

375 0

Қызылорда қаласында 5-30 тамыз аралы­ғында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында оқушылардың мектеп фор­масына арналған ауқымды жәрмеңке ұйым­дастырылады. Ал аудандарда бұл акция 16-21 тамыз аралығында жалғасады.

Бұл жәрмеңкеге жергілікті «Ас-Ка» ЖШС, «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Айша-бибі» тігін цехы және тағы да басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін облыс тұрғындарына ұсынбақ ниетте. Жәрмеңкеде мектеп формалары нарық бағасынан төмен әрі жоғары сапада сатылымға шығады. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына да арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында БАҚ өкілдері қаладағы бірқатар тігін цехының жұмысымен танысты.

– Оқушылардың мектеп формасына ар­налған жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат – ата-аналардың алысқа бармай-ақ балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын қамтамасыз ету және қажетті заттарды төмен бағада тұрғындарға ұсыну. Қалада ұйым­дастырылатын жәрмеңке Қорқыт ата көшесі, 55 «Small» сауда орталығының алаңында өтеді. Жәрмеңке сөрелеріне қойылатын барлық тауарлар төменгі бағада және жоғары сапада сатылымға шығады. Осы орайда барша облыс тұрғындарын жәрмеңкеге белсене қатысуға шақырамыз, – деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Азамат Қаюпов.

Баспасөз туры барысында мектеп форма­ларын тігумен айнылысатын тігін цехтары өз өнімдерін таныстырды. Соның бірі – «Ас-Ка» ЖШС цехы үш жылдан бері мектеп формаларын тігуді қолға алған. Бұл цех өз 7-8 мың өнімді жәрмеңкеге ұсынуды жоспарлап отыр.

– Біздің цех 2007 жылдан бері тігін тігумен айналысып келеді. Бірақ 2014 жылдан бастап өндіріс саласына бет бұрып, арнайы киімдерді тігуге тапсырыс қабылдадық. Қазіргі таңда цехта арнайы киімдерден бөлек, мектеп формаларына да тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары. Осыған орай қаланы ғана емес, барлық ауданды өзіміз аралап, қолжетімді бағадағы өнімдерімізді жұртшылыққа ұсынуды жөн көрдік. Биыл да ұйымдастырылатын жәрмеңкеге 7-8 мыңнан астам өнімді сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді «Ас-Ка» ЖШС директоры Дина Махатова.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: