Жексенбі, 19 мамыр, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

«Сұлу әйел де бақытсыз»: Меруерт Түсіпбаева

02.09.2023

401 0

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева сұлулығы өзін бақытты ете алмағанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол бұл туралы YouTube-тегі The suhbat бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Ғабит Мүсіреповтің «Сұлу әйелді ит те қаппайды» дейді. Сұлулықты ит те түсінеді. Сізді «Ит қапқан» кездері болды ма?» деп сұрады.

Әнші бірден «Әрине» деп жауап берді.

«Талай жылдар бойы бір адамға ғашық болдым» деп хат жаздым ғой. Пост болды ғой. Менің сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын. Сұлулық адамды бақытсыз ететін сәттер болады деп айта аламын. Сұлу болу деген бақытқа бір қадам басу деген сөз емес. Сұлу әйел де бақытсыз бола береді. Кейде сұлулығы жоқ адамдар бақытты болып жүреді. Білмеймін», – деді Меруерт Түсіпбаева. 

Ол сонымен бірге өзінің шалыс басқан кездері де, өз жүрегін жаралаған кездері де болғанын айтты.

Айта кетейік, The suhbat – әзілге құрылған сұхбат. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: