Жексенбі, 28 сәуiр, 03:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

 Тұрмысқа шыққан Индира Еділбаева орамал тағып, сәлем салмайтынын айтты

20.09.2023

401 0

Жақында тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған Индира Еділбаева “НТК” арнасына берген сұхбатында өміріндегі өзгерістер жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Өмірімде кереметтей өзгеріс жоқ. Себебі біз ата-аналарымыздан бөлек тұрамыз. Тамақ әзірлеу, киім жуып, үтіктеу маған ұнап жүр. Оған себеп, біріншіден, махаббат. Екіншіден, осындай үй тірліктерімен айналысқым келді. Мен бұдан ләззат аламын”, – дейді әнші.

“Яғни, сіз үйде орамал тағып, сәлем салмайсыз, солай ма?” деген журналистің сауалына: “Иә, бізде ондай жоқ”, – деп жауап берді.

Индира Еділбаева көптен күткен тойына төрт ай дайындалған. 

“Тойды ұйымдастырушылармен ақылдаса отырып жасадым. Көңілімнен шықты. Тойымның қалай өткенін есіме алсам керемет күйге енемін. “Жарайсың, жақсы істедің” деп өзімді мақтаймын”, – дейді әнші.

Өнер иесі шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. Индира Еділбаеваның күйеуі Камалдин – медиа менеджер. Оның айтуынша, жұбайымен болашақта бірге жұмыс істеуге қарсы емес.

“Күйеуіммен болашақта мүмкін бірге жұмыс істейтін шығармыз, алдағы уақытта көре жатармыз. Мүмкін мен “мүлде ән айтқым келмейді” дейтін шығармын. Бірақ олай болады деп ойламаймын”, – дейді Индира Еділбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: