Сәрсенбі, 07 маусым, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (1952)
06.06.2023
PDF мұрағаты

Жанар Дұғалова жеке өміріндегі жаңалықпен бөлісті

09.02.2023

631 0

Сурет: instagram.com/zhanar_dugalova

Жақында киноға түскен әнші түсірілімдегі әріптестерімен тележүргізуші Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Балымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында сұхбаттан үзінді жариялады.

“Сіздер Жанар Дұғаловамен сұхбат сұрадыңыздар. Ол сұхбатқа келісті. Жанар алда болатын той мен бастан өткерген ота жайлы айтты”, – деп жазды ол.

Тимур Балымбетов әншіден: “Тұрмысқа шыққалы жатқаның рас па?” деп сұрады. Жанар тойдың ауылы алыс емес екенін айтып, күйеуге шыққалы жатқанын растады. Тележүргізуші таңданысын жасыра алмай, өнер иесін қуанышымен құттықтады. Бағдарлама жүргізушісінің: “Бұл жаңалықтан хабардарсыздар ма?” деген сауалына Жанардың кинодағы әріптестері: “Жоқ” деп жауап берді.

Тағы да оқыңыз: