Сенбі, 20 сәуiр, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Алматы облысындағы көлік апатынан 5 адам мерт болды

03.11.2021

1561 0

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Қайғылы жағдай Ұйғыр ауданындағы «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 10:25 шамасында «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолының 3-ші шақырымында болған. «Алдын ала болжам бойынша «Audi» және «Nissan» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранған. Екі транспорттың да жүргізушісі мен «Nissan» көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Шонжыдағы ауруханаға жеткізілді. Ол жерде екі адам көз жұмды. Ал 5 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр» — делінген ведомствоның хабарламасында. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2021/11/03/almaty-oblysyndagy-kolik-apatynan-5-adam-mert-boldy/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: