Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алматыда бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

23.09.2021

778 0

Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланды. Олар балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Он бір баланы жедел медициналық жәрдем бригадалары шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Олар тамақтың жыбырлауы, түшкіру сияқты шағымдар айтқан. Балалар бассейнде жаттығу кезінде хлор буымен уланған. Жастары –  12-14 жас аралығын құрайды», – деп нақтылады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Ведомствода барлық балалардың жағдайы тұрақты екенін, бейінді бөлімшеге жатқызылғанын айтты.

Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде. Толығырақ қосымша хабарланатын болады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: