Дүйсенбі, 06 мамыр, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Маңғыстауда өлген аққулар саны мыңға жуықтады

15.01.2024

248 0

Фото: massaget.kz

Сыбырлақ аққулар құс тұмауынан қырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр 21 желтоқсанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Қаракөл көліне күзет шараларын жүргізу кезінде 30 сыбырлақ аққудың денесін тапты (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген). 

Аталған факті бойынша қорық және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, ЭТРМ Маңғыстау облысының Экология департаментінің, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария жөніндегі Ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алды. 

Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы табылды.

2023 жылғы 21 желтоқсаннан 2024 жылғы 14 қаңтарға дейін барлығы 968 өлексе табылып, жойылды.Қаракөл көлі аумағын тексеру жұмыстары жалғасуда, – делінген министрліктің жауабында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: