Сенбі, 21 желтоқсан, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция оқ атты: Жедел ұстау жоспары күдіктінің өлімімен аяқталды

25.05.2021

1322 0

Қостанай облысында кісі өліміне күдікті ер адамды ұстар кезде табельді қару қолданылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

«24 мамыр күні таңертең сағат 09.25-те Қостанай облысының Сарыкөл ауданы «Новое» ауылында 31 жастағы әйелдің денесі табылды. Мәйітті қайтыс болған әйелдің шешесі бірінші көрген. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы әйелдің денесіне белгісіз біреудің 23 рет пышақ салғанын анықтады. Әйел жан-дәрмен қорғанбақ болған сияқты, себебі оның қолында да пышақ іздері болды», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

Жедел тергеу жұмыстарының арқасында полиция күдікті ретінде қайтыс болған әйелдің көршісінің (бұрын ауыр қылмыс бойынша сотты болған – департамент) ізіне түскен. Тәртіп сақшылары ауылдың 40-қа жуық тұрғынын сөзге тартып, жауап алған. Тұрғындардың бірі күдіктінің орманға қарай кетіп бара жатқанын байқап қалғанын айтқан көрінеді.

«Облыста «Жедел ұстау» жоспары жарияланды. Күдікті ауылдан 40 шақырым жерден анықталды. Полиция қызметкерлерін көрген ер адам омарта орналасқан вагонға қарай қашқан. Ұстар кезде ер адам қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерінің бірін жарақаттады. Құқық қорғаушылар оған қаруды өткізіп, берілуді ұсынған. Осыдан кейін ауаға ескерту ретінде оқ атылды. Алайда күдікті ескертуді елемей, тәртіп сақшыларына пышақпен қауіп төндіре берді. Қарапайым азаматтар мен полиция қызметкерлерінің өміріне төніп тұрған қауіпті ескеріп, ұстау кезінде табельді қару қолданылды. Оқтан келген жарақаттан ер адам көз жұмды», – деп хабарлайды полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта табельді қаруды қолдану фактісінің орындылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Ал қайтыс болған әйелдің артында 10 айлық және 3 жасар екі баласы қалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: