Жұма, 29 наурыз, 14:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды

26.02.2021

1170 0

Қызылордада карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топтардың рейдтері жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kzPolisia.kzсайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Қызылорда қаласында карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы қала әкімімен бекітілген мониторингтік топ құрамында рейдтік тексерулер жүргізуде. Рейдтер барысында қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орындарында карантиндік шектеулердің сақталмағандығы анықталып,  олар бойынша жинқталған материалдар кәсіпкерлік нысан иелеріне тиісті шара қолдану үшін Үйлестіру орталығына жолданды.

Мысалы, карантиндік талаптарды бұза отырып, түнгі сағат 23:20 шамасында жұмыс істеп тұрған “Ален” түнгі клубына барған тәртіп сақшыларына клуб әкімшісі мен күзетшілері есік ашпаған. Мониторингтік топ мүшелері клуб иесіне қоңырау шалып, оқиға орнына дереу жетуін сұраған.

Қазіргі таңда аталған клубтың иесіне, әкімшісі мен күзетшісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: