Сейсенбі, 04 қазан, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79 (1884)
04.10.2022
PDF мұрағаты

Өскеменде жабайы иттер 7 жасар қыз баланы талап өлтірді

18.12.2021

304 0

Әлеуметтік желіде жеті жасар баланың иттердің шабуылынан қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Полиция департаменті Sputnik Қазақстанға ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Біз, орман шаруашылығы кәсіпорнының, «Надежда» және «Эдельвейс» бағбандық бірлестіктерінің тұрғындары, барлық жоғары  органдардың назарын аударуды сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап өлтірді! Біз қауіпті аймақта тұрамыз (қалалық қоқыстың жаны). Жабайы иттер жүйелі түрде шабуыл жасайды!» деп әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар өтініш білдірді.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Тағы да оқыңыз: