Жұма, 26 сәуiр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қаруды қайдан алған?

06.11.2021

544 0

1–30 қараша күндері аралығында «Қару» профилак­тикалық іс шарасына  қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Нәтижесінде 2 қараша күні сағат 14:45-те Қызылорда қала­лық полиция басқармасының патрульдік полиция ба­тальо­ны іс-шара барысында 35 жастағы қала тұрғынының бас­қаруындағы «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігін тоқтатқан. Профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің артқы орындығында қару бар екендігін байқаған. Тексеру барысында табылған зат еш жерде тіркелмеген қару болып шықты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып,  тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған есірткі затын,  заңсыз қару және 17 патрон тәркіледі. Аталған дерек бойынша қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен және 287 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: