Сенбі, 20 сәуiр, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Өртенген үйдің 9-қабатынан бойжеткен секіріп кетті

15.08.2021

690 0

Семей қаласында өртенген тоғызыншы қабаттағы балконнан 18 жастағы қыз секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 15 тамызда сағат 12.00 шамасында Шәкәрім көшесінде болды.

«9-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде үй іші көк түтінге оранып жатты. Құтқарушылар 18 жастағы қызды эвакуациялау үшін бірден баспалдақ қойды. Алайда өне-бойын үрей билеген қыз балконнан секіріп кетті. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға жеткізген», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрге жеткен тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отты абайсыз қолдану себеп болған.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: