Экс-депутат, мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов сұхбат беріп, мемлекет басшысы, қаңтар оқиғасы, Кәрім Мәсімов туралы пікір білдірді, деп хабарлады Sheraga.kz сайты.
Серік Әбдірахманов қаңтар оқиғасы туралы айтып, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Тоқаевты өлтіруге келгенде оққағарлары сақтап қалғаны туралы ақпаратпен бөлісті.
– Қазір билікте Қасым-Жомарт Тоқаев жалғыз. Президенттің біз үшін басты құндылығы – ол ұры емес, таза адам. Қаңтар айында Мәсімов президентті өлтіруге келгенде жанындағы оққағарлары тойтарыс жасады. Өзін сақтап қалды, мінез көрсетті. Ұрылардың қазір мүкіндігі жоғары. Тоқаевтың ең басты мақсаты – мәжілісті халқына сайлатуы. Сенатта ұрылардың өкілдері отыр, – деді экс-депутат.
Сондай-ақ, сұхбатта Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі туралы сөз болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!