Сейсенбі, 16 маусым, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтардың 73,7%-ы табысы мен шығысын есепке алады

16.06.2026

46 0

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Қазақстандықтардың 73,7%-ы жеке табыстары мен шығыстарын белгілі бір деңгейде есепке алып отырады. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінде айтылды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларын жүйелі түрде тіркейді. Ал 38,8%-ы табысы мен шығысын шамамен есептеп отыратынын көрсеткен.

«Сауалнамаға қатысқандардың 73,7%-ы жеке қаржысын белгілі бір деңгейде бақылап отырады. Оның ішінде 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларды тұрақты түрде тіркесе, 38,8%-ы шамамен есеп жүргізеді. Сонымен қатар респонденттердің 17,1%-ы шығыстарын мүлде бақыламайтынын айтса, 6,9%-ы мұндай есеп жүргізуді қажетсіз деп санайды», – делінген зерттеу қорытындысында.

Сарапшылардың айтуынша, қаржылық тәртіпке отбасы жағдайы да әсер етеді.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалары бар респонденттердің 78,7%-ы табысы мен шығысын тұрақты немесе ішінара есепке алады.

Ал балалары жоқ азаматтар арасында бұл көрсеткіш 70%-ды құраған.

Зерттеу авторларының пікірінше, жақындары алдындағы қаржылық жауапкершілік отбасылық бюджетті саналы түрде басқаруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: