Сейсенбі, 16 маусым, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Теміржол саласын дамыту мәселесі қаралды

16.06.2026

49 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда теміржол саласы мен инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды. Бұл жиындағы бағыттар бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қалаға келетін қонақтар мен транзиттік жолаушылар бас шаһардың алғашқы көрінісін теміржол аумағынан бастап көреді. Бұл тұрғыда күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалы барлық талаптарға сай жұмыс істеп тұр деуге толық негіз бар. Өйткені жолаушыларға қажетті жағдай жасалған. Қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда. Мамандар бекітілген кестеге сәйкес қызмет атқаруда. Дегенмен, теміржол бойындағы тазалық талабын ерекше назарда ұстау керек.

«Бірқазан елді мекенінен Қараөзек стансасына дейін жауапты қызметкерлер бекітіліп, теміржол бойы күнделікті аралануы қажет. Теміржол жиектері мен оған іргелес аумақтар толық тазалануы тиіс. Әрбір жолаушы қаланың тазалығына, аумағының дұрыстығына өз бағасын беретінін жақсы білесіздер. Сондықтан тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыруды тапсырамын»,- деді Нұржан Сәбитұлы.

Жиында күн тәртібінен тыс мәселелер де қаралды. Қала әкімі жауапты мекеме басшыларына жұмысты ұтымды үйлестіруді, қала тазалығын қамтамасыз ету, абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу бағытындағы шараларды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: