Жұма, 03 мамыр, 04:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қаңтарда суға батып кеткен адамның денесі табылды (видео)

24.03.2023

433 0

Атырауда 5 қаңтар күні суға батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесі 22 наурыз күні Жұмыскер шағын ауданынан табылды, деп хабарлайды СН.КЗ.

2023 жылдың 5 қаңтары күні сағат 11:14-те Атырау қаласы маңындағы Жұмыскер ауылында Жайық өзенінде екі адам мұз астына түсіп кеткен. Олардың бірін құтқарушылар құтқарып, облыстық ауруханаға жеткізген. Ал екінші адамды құтқару мүмкін болмады. Іздеу жұмысы шамамен бір айға созылған, бірақ ауа райына байланысты тоқтатылған болатын.

16 наурызда күн райының жылынуымен іздеу жұмысы қайта жанданды. Іздеу жұмысына 5 құтқарушы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

22 наурызда Атырау облысы ТЖД қызметкерлері суға батқан 49 жастағы ер адамның денесін Жұмыскер шағын ауданында тапты.

@aqmeshit_aptalygy

Aqmeshit-aptalygy.kz Атырауда 5 қаңтар күні суға батып кеткен 49 жастағы ер адамның денесі 22 наурыз күні Жұмыскер шағын ауданынан табылды #поставь #новости

♬ оригинальный звук – aqmeshit_aptalygy – aqmeshit_aptalygy

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: