Жұма, 26 сәуiр, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

07.04.2023

536 0

Сурет: stan.kz

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Ресейге әскери техника жіберді деген жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды ​​облысында түсірілген, әскери техниканың тасымалданып жатқаны бейнеленген видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Бейнежазбада әскери техниканың Ресейге жіберіліп жатқаны жазылған.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы техника жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтарынан жіберілген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: