Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі уақытта Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 4 киіктің ұшасы табылды. Жүксалғыштан одан басқа 1 қоян және 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ дәрілері айғақ зат ретінде алынды.
«Киік атқан екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!