Сәрсенбі, 24 маусым, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Тұрақты комиссияның отырысы жалғасуда

24.06.2026

34 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы жалғасып, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және бюджеттік бағдарлама әкімшілері қатысты.


Комиссия отырысында 2025 жылдың облыстық бюджетінің орындалу барысы жан-жақты талқыланып, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Басқарма басшылары өз салалары бойынша атқарылған жұмыстары туралы, атап айтқанда: бюджет қаражатының игерілуі, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысы және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуы жөнінде баяндады.
Депутаттар өзара пікір алмасып, салалардағы өзекті мәселелерге назар аударды. Әсіресе, қаржының тиімді жұмсалуы, жоспарланған жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы орындалуы және нақты нәтижелерге қол жеткізу мәселелері көтерілді.
Отырыс соңында бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне анықталған мәселелерді назарға алып, атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру және алдағы міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: