Сәрсенбі, 24 маусым, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

Кітап керуені – Ү. Түктібаев ауылында

24.06.2026

54 0

Фото: Қызылорда Облысы Мәдениет Басқармасы

Кітап керуенінің сапары Қазалы ауданы, Ү.Түктібаев ауылында жалғасты. Шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Кітап керуені – Ү. Түктібаев ауылында


Кітап керуені барысында көпшілікке қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары, балалар әдебиеті, тарихи-танымдық және көркем шығармалар, сирек кітаптар ұсынылды. Ауыл тұрғындары кітап көрмесін тамашалап, өздерін қызықтырған әдебиеттермен танысты.
Шараның салтанатты ашылуында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Сапар Көзейбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Абай Әнесұлы, Алға ауылдық округінің әкімі Алмас Бегалиев құттықтау сөз сөйледі. Бірқатар кітапхана мамандары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталса, оқырмандарға арнайы номинациялар және қаржылай сертификаттар табысталды.
Шара аясында ақын-жазушылармен кездесу кеші, кітап талқылау, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Іс-шарада Мәдениет саласының ардагері Болат Жолтаев кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Ақын, ұстаз Сағыныш Мұхитқызы, ұстаз Жауғашарова Гүлбарам өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды.
Кітап керуені ауыл оқырмандары үшін мазмұнды әрі әсерлі кездесу болды. Тағылымы мол мәдени шара ауыл тұрғындарының рухани дамуына серпін беріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: