Сенбі, 20 сәуiр, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Республикалық маңызы бар жолдар жабылды

12.03.2021

1118 0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында жолдар жабылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар жолдар жабылды:

Ақмола облысында:

Жезқазған – Петропавл, Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы учаскесі;
Көкшетау-Атбасар, Зеренді ауылы – Атбасар қаласы учаскесі.

Қарағанды облысында:

Жезқазған – Петропавл, Сарлық ауылы – Қостанай облысының шекарасы учаскесі.

Қостанай облысында:

Жезқазған – Петропавл, Қарағанды облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы учаскесі;
Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – Ресей Федерациясының шекарасы, Жітіқара қаласының – Ресей шекарасы учаскесі.

Павлодар облысында:

Ленин – Ертіс – Русская Поляна, Ленин кенті – Ресей Федерациясының шекарасы учаскесі;
Омбы – Майқапшағай, Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино кенті учаскесі.

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша (облыс бойынша) автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: