Сенбі, 21 желтоқсан, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Щучинскте 10 жастағы баланың басына арматура қадалып қалған (видео)

19.08.2022

1582 0

Шучинскте он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Анасының сөзінше, бала футбол ойнап жүріп дәл темірдің үстіне құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер тобы жедел түрде ота жасап, темірді алып шықты.

«Анасының сөзінше, бала футбол алаңында ойнап жүрген. Сол кезде алаңның жақтауынан шығып тұрған темірге басымен қадалған. Көмек берушілер темірді түбінен кесіп, баланы ауруханаға алып келген. Ол ауруханаға жеткізілгенде есін біледі. Дәрігерлер баланың миына компьютерлік томография жасап, негізгі мүшелерге зақым келмегенін анықтады. Дәрігерлер темірді алып шықты», – дейді медициналық мекеменің басшысы Сабыржан Сабырәлиев.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың көзі мен тамырларына, миына зақым келмеген. Бала қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.  Жансақтау бөліменен жалпы палатаға ауыстырылды.

ВИДЕОНЫ КӨРУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ: https://t.me/stankznews/6113?single

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: