Бейсенбі, 13 маусым, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46-2056
11.06.2024
PDF мұрағаты

2 жасар бала каналға құлап кеткен

17.05.2024

360 0

Сурет:massaget.kz

Таразда полицейлердің баланы құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Айша бибі көшесінің бойында ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келген. Ол кезде куәгер баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған.

Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған, нәтижесінде бала дем ала бастаған.

«Соңына дейін күресіп, бізге үйретілген дағдыларды қолдана отырып, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шығып, нәресте дем ала бастады», – деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: